#NurOtangaДауысБер#JasOtan#BizBirgemiz#JenimpazBol#NurOtan
Бүгін "Nur Otan" партиясының атынан ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде Мақтаарал ауданындағы халқының саны ең көп саналатын Достық ауылдық округінде жұмыс сапарымен болдым.
Ең алдымен осы округке қарасты Гүлістан елді мекенінде "Хамро" шаруа қожалығының басшысы Хамро Дадаевпен кездестім. Партиямыздың ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарламаларымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздім. 10 қаңтарда өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырдым!
