#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
Үгіт-насихат науқанында депутаттықтан үміткер кандидаттар онлайн-кездесу өткізуге де басымдық берді. Бұл жолы Виктор Сотников "Zoom" платформасында конференция ұйымдастырды. Естеріңізде болса, ол "Nu Otan" партиясы атынан Жезқазған қалалық мәслихаты сайлауына түсіп жатыр.
10 қаңтарда өтетін сайлауда әр қазақстандық белсенділік танытып, өзінің таңдауын жасау қажеттігіне назар аудартқан Виктор Сотников Нұрсұлтан Әбішұлы төрағалық ететін көшбасшы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды. Жаңа жұмыс орындарын ашу, бизнесті өркендету, әлжуаз топтағы тұрғындарды қолдаудың жаңа тетіктері мен білім, медицина, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамытудың мүмкіндіктерін ұсынған жетекші партияны таңдауға шақырған кандидат ел болашағы жарқын етуде "Nur Otan" партиясы мен оның кандидаттары аянып қалмайтынына сендірді.
@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
