#NurOtan#ДАУЫСБЕР
Құрметті аудан,ауыл тұрғындары! Жерлестер ! Бауырлар! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Білектің күшімен,найзаның ұшымен бабалар қорғаған еліміздің егемендігі аға- апаларымыздың қанымен келгенін барша біледі.Егеменділік алғанымен алпауыт көрші екі ел Ресеймен Қытай мемлекетінің ықпалынан өз біліктілігі арқасында " Nur Otan " партиясының төрағасы, тұңғыш елбасының шекара мәселесінде еңбегі зор. Қазақстан елінің шекарасын белгілеп,қазығын қақтырды. Қазіргі таңда әлем жер шарында алпыстан аса мемлекет өз шекарасын белгілей алмағандығының кесірінен қаншама қақтығыстар болып,бейбіт халық қырылуда. Мысалы: Таулы Қарабақ. Біз қашанда адамның жақсы жағынан тез ұмытып,жаман жағын өмірі ұмытпаймыз. Ол қанымыздан.Қаңқу сөзге тез ереміз.Қазіргі әңгіме елде"Nur Otan " партиясы 30 жылда не бітірді деген сенімсіздік ой.Басқа алысқа бармай-ақ Құрманғазы ауданында тәуелсіз елімізде қаншама нысандар,зәулім үйлер,ауыл іші жолдармен,жарықтар,мектеп,балабақша,мәдениет үйлері,сыртқы қала аралық жолдар,күрделі жөндеулер бұл жасалған жұмыстар кімнің қолдауымен әрине мемлекет тарапынан.Отан отбасынан басталады демекші,қарапайым әр отбасында өз проблемалары бар,(кредит, балалардың, өз киім кешегің, азық түлік дегендей)айлық айлыққа жетпей,бабың табылмай жатады.Әрине ол отбасылық мәселе.Ал мемлекетте Он сегіз миллион халықтың бабын табу оңайма ,оны неге ойламасқа.Бәрі рет ретімен шешіліп жатыр.Тек шыдамдылық керек. Елдің бірлігі, тыныштығы болсын ағайын. Қазақта біреу таспен ұрса,сен аспен ұр деген бар.Елдің өсіп,өркендеуі сізбен біздің қолымызда,алар белесіміз көп,еліміз тыныш болсын.Мен сіздермен біргемін.
