Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN» : ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ – БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН ҚАЛАУ

Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Нұрсұлтан Балабиев, Қайрат Имашев және Мұрат Жолдыходжаев «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Жас Отан» жастар қанатымен сайлау науқаны аясындағы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды.

Әлем асқан жылдамдықпен өзгеріп жатқан жаңа ғасырда Партиямыздың алдында жаңашылдыққа ұмтылған, білімді, терең ойлы, төзімді, рухы мықты, бәсекеге қабілетті ұлт иесін қалыптастыру міндеті тұр. Сол себептен де, үміткерлер жастармен кездесу өткізіп, «Nur Otan» партиясының Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында алдағы 5 жылда жастарға көрсетілетін қолдау шаралары туралы түсіндірді.

Шымкент – жастар қаласы. Ал жастар – ел болашағы. Қалада

264 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26% құрап отыр. Осыған орай «Nur Otan» партиясы жастарға жан-жақты қолдау көрсете отырып, «Жастар – Отанға» жобасын жүзеге асыруды жалғастыратындығын және осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бастамасымен алдағы 5 жылда төмендегідей жүзеге асырылатын жұмыстар туралы баяндады.

ЖАСТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРАТЫН САПАЛЫ БІЛІМ АЛУ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ, БАСПАНА, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҒЫ БОЛАДЫ.

Кездесу соңында жастар өздеріне көрсетіліп отырған қолдауларға және алдағы уақытта жастардың дамуы үшін жасалатын қолайлы жағдайларға қатысты өз қуанышарымен бөлісіп, «Nur Otan» партиясымен бірге екендіктерін жеткізді.

«Nur Otan» - болашақтың партиясы! «Nur Otan» партиясына дауыс бер!

«Nur Otan»: Бюллетенде екінші! Өмірде бірінші!».

0
0
118

Еще по теме

«NUR OTAN» : ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ – БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН ҚАЛАУ - Yvision.kz