Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN»: ЖАСТАР ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАЙДЫ

Облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Шамшырақ» БПҰ өкілдерімен кездесу өткізді. Алмас Елеуов тікелей эфир барысында «Nur Otan» партиясының жеті басымдылығына тоқталып, жастардың үй алу және жұмысқа тұру мәселелерінің оң шешемі болатынын жеткізді.

- Жастар үшін үй алу, жұмысқа тұру басты мәселелерінің бірі. Ақтөбелік жастардың қашан да биіктен көрініп, дамығанын жақсы көреміз. «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға құрған бағдарламасында жастар үшін көптеген мүмкіндік жасаған. Жеті басымдылықтың төртінші бағыты «Жастар үшін қала» деп аталады. Айтып өтетін болсам, енді жыл сайын шамамен 2,5 мың жастар жұмысқа орналасатын болады. Сонымен қатар отбасы институтын нығайту және тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар еңгізіледі. Алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, жастарға мүмкіндік сыйлайық. Тек ол ғана емес еліміздің дамуы үшін де бірнеше басымдылықтары бар. Ол білім немесе кәсіпкерлік саласынан болсын. Қандай сала болса да қолдауға дайынбыз,-деді Алмас Елеуов.

Сонымен бірге тікелей эфирге қосылған облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер – Баян Сәрсенбина, Асқар Қыстаубаев, Ермек Имантаев тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, алдағы болатын сайлауға шақырды.

0
0
215

Еще по теме

«NUR OTAN»: ЖАСТАР ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАЙДЫ - Yvision.kz