"NUR OTAN" ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАЙДЫ
"NUR OTAN" ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАЙДЫ
Тікелей эфирде қойылған сұрақтардың көп бөлігі тұрғын үй және спорт саласына қатысты болды. Депутаттыққа үміткер Мақсат Зайтов сайлауалды бағдарламада «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге болатыны туралы жазылғандығы оқырмандарына ескертті.
- Біздің партия жастар үшін барлық мүмкіндікті жасайды. Үй алуға, білім беруге, жастарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Қалада жастардың табысты қалыптасуы мен шоғырлануы үшін барлық қажетті жағдайлар бар,-деді ол.
Ал, Галиф Джафаров тікелей эфирге қосылған оқырмандарына «Nur Otan» партиясы қаланың спорттық инфрақұрылымының желісі мен қолжетімділігін кеңейтуді мақсат етіп отырғандығын жеткізді.

- "Nur Otan" партиясы дене шынықтыру және спортпен айналысатын жастарды қамтуды 32%-дан 36%-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасаймыз

Партия алдағы бес жылға арналған өз жұмысында денсаулықты нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға, халықты жаппай спортпен айналысуға тартуға бағытталатын болады,-деді Галиф Джафаров.
