Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN»: ЖАРҚЫН ЖЕТІСТЕР ПАРТИЯСЫ!

Жиында Партияның 5 жылдық жоспары мен бағдарламаның негізгі бағыттары кеңінен насихатталды. Қаламыздың кәсіпкерлік саласында бірқатар тындырымды тірліктер атқарып жүрген нәзік жандыларды алаңдатқан сауалдар да жоқ емес екен. Партия атынан үміткер Бахадыр Мәдәліұлы барлық сұрақтарға жауап беріп, түйткілді мәселелер партия назарына алынатынын жеткізді.

«Біз нақты істер партиясымыз! Біз бос уәде мен жауапсыздықтан аулақпыз. Сол себепті біздің бағдарламадағы сандар толықтай нақтылықпен есептеліп, кезең-кезеңдерге бөлінген. Бұл жұмыстың толық атқарылып, мәселердің шынымен шешілуіне ықпалдасады.

«Nur Otan» партиясы жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне күш салады.

Қазіргі танда Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайды. Алдағы 5 жылдықта осы көрсеткішті 4,9 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз» - деді Б. Нарымбетов.

Одан әрі кәсіпкерлік саласындағы жоспарлар жайында баяндалды. Бүгінде Қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді. Яғни қаладағы кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31 пайызды құрайды, бұл әлі де аз. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 пайыздан асады. Біз осы мақсатты көздеуміз керек деді төрағаның бірінші орынбасары.

0
0
120

Еще по теме

«NUR OTAN»: ЖАРҚЫН ЖЕТІСТЕР ПАРТИЯСЫ! - Yvision.kz