Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN» ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Асқар Садықов, «Нұр Отан» партиясының Талдықорған филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Сериев және облыстық қоғамдық Кеңесінің төрайымы Римма Салықова қатысты. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  бағытталған жұмыстардың нәтижелері жөнінде баяндамалар тыңдалды.

Облыстық филиал жанындағы қоғамдық кеңестің төрайымы Римма Салықова есеп берген бірқатар қатысушыларға сыбайлас жемқорлықпен күресте партияның алдын алу шараларының маңызы мен мониторинг жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүргізілуі қажет екенін айтты. Кездесу барысында автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жөнінде мәселелері талқыланды.

Отырыс соңында арнайы хаттамалық тапсырмалар беріліп, тиісті сала мамандарына ұсыныс, ескертпелер жасалды.

0
0
130

Еще по теме

«NUR OTAN» ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz