Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN» САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ОБЛЫСТЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

Облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Елубай Әбілов пен штаб мүшелері Есен Күмісқали, Киікбай Ешманов партияның "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасы, оның өңірді дамытудың негізгі басым бағыттары және «Nur Otan» партиясының 20 жылдағы жетістіктері туралы айтып берді.

"Бүгін азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз", - деді олар.

Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы өңірді кешенді дамытуға бағытталған. Партия біздің өңірімізді әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикасы және жайлы өмір сүру аумағы бар қарқынды дамып келе жатқан аймаққа айналдыратын нақты шараларды ұсынады.

«Барлық заманауи сын-тегеуріндер мен жаңа міндеттерді бірлесіп қана орындай алатынымызға сенімдіміз», - деп түйіндеді цемент зауытының қызметкерлеріне.

Айта кетейік, 2025 жылға дейін партия облыс бойынша 5 инвестициялық жобаны іске қосуға, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруға қол жеткізуге ықпал ететін болады. "Ақтау теңіз порты" Арнайы Экономикалық аймақ аумағында өңдеу саласында 1,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 11 инвестициялық жобаны іске асыру; "Жездібасай" кенорнында катодты мыс өндіру жоспарлануда.

Цемент зауытының жұмысшылары партияның сайлауалды бағдарламасына қолдау білдіріп, сенім танытты, алдағы сайлауға белсенді қатысатындықтарын мәлімдеді.

2014 жылы іске қосылған цемент зауыты Шетпе ауылында орналасқан. Цементтің көп мөлшерін тұтынатын мұнай мен газ өнеркәсібі дамыған Қазақстанның батыс өңірі үшін зауыт жұмысы маңызды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1 млн тонна. Жергілікті тұрғындар үшін зауытта 400-ге жуық жұмыс орны ашылды. Бұл жобаға әлемдегі ең ірі құрылыс материалдарын өндіруші Хайдельберг Цемент (HeidelbergCement) қатысады. Зауыт өңірдің әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосуда

0
0
124

Еще по теме

«NUR OTAN» САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ОБЛЫСТЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН - Yvision.kz