"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партия атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Р.Сайлауұлы және Н.Клушев қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың көкейіндегі түрлі сұрақтарға заң аясында түсініктеме берді. Аудан тұрғындарын 2021 жылы 10-қаңтар күні болатын ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауына қатысуға шақырды. Қабылдауға 3 азамат өтініш білдірдіп, 3 өтініш білдірген азаматардың мәселелері бойынша ҚР заңдылықтарына сәйкес түсініктемелер берілді. Қоғамдық қабылдау кезінде бір азаматшасының мәселесі шешілді
«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.
