"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партия атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Е.Жабаев, А.Омаров және Е.Майлыбеков қабылдау жүргізді. Зертас ауылының тұрғыны О.Игембердиева 1 жыл көлемінде 6 балаға арналған күміс алқа медаліне қолы жетпей жүргенін мәлімдеді. Ол кісіге медальді алу үшін «Nur Otan» партиясы тарапынан бағыт бағдар кеңес беріліп, заң аясында түсініктемелер жүргізілді. Қазақ батыр спорт мектебінің жаттықтырушысы С.Ыстыбаев жас спортшылардың спорттық киімдермен құрал жабдықтар жетіспейтіндігі туралы және өз өтінішінде демеуші керек екенін Е.Майлыбековке жеткізді. Сонымен қатар Төлеби ауданының тумасы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны С.Балкибековтың нотариалды қызметтеріне шектеу қойылғандығы жөнінен арызданып келді. Осыған орай кандидаттар коллекторлық компанияға хабарласып С.Балкибековтың жеке мәселесі оң шешілді. Арызданушы «Nur Otan» партиясына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.


