"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ.
тұрғындармен кездесіп, өтініштерін тыңдады. Арасында біздің құзыретімізден тыс сауалдар да болды. Бірақ барлық сауалдарға жауап беріп, әр азаматқа қолдан келгенше қолдау көрсетілетіні айтылды. Азаматтардың өтініш-тілек һәм мәселелері сан алуан. Нақты мысалдар келтіріп, өз ұсыныстарын айтты.
Қоғамдық қабылдаудың негізгі міндеттері:
- азаматтарды жеке қабылдау барысында түскен өтініштерді қарау;
- азаматтарды жеке қабылдау барысында түскен арыздар мен өтініштер бойынша шұғыл шаралар қабылдауды ұйымдастыру;
- туындаған сауалдар мен мәселелер бойынша кеңес беру;
- азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы хабарлау;
Қабылдау негізінде түскен барлық ұсыныстар мен сұрақтар мемлекеттік мекемелер басшылары тарапында бақылауда болып, тиісті шаралар атқарылмақ. Сонымен қатар, қабылдауға келген тұрғындарға алдағы мәселелерді бірге шешуге ұсыныс айта отырып, сайлауалды бағдарламамен таныстырып, “Nur Otan"-ға дауыс беруге шақырды!
