Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ

Осы ретте бүгін партия филиалында штаб мүшелері бас қосып, жиын өткізді. Бұл туралы аудандық партия филиалында өткен брифингте партия төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов мәлім етті.

Штаб жұмысының міндеті – «Nur Otan» партиясының парламенттік және мәслихат сайлауында айқын жеңісіне қол жеткізу болды. Штаб құрамына танымал партия және қоғам қайраткерлері, партияның Саяси кеңесінің мүшелері кірген. Мұнан бөлек, өткен сайлау науқандарына қатысып, мол тәжірибе жинаған азаматтармен қатар штаб құрамына жастар ұйымдарының белсенді өкілдері де кірді. Олар осы сайлау науқанында адал әрі тынымсыз еңбек етті. Сайлау басталған уақыттан партияда түрлі әлеуметтік топтарға жататын тұрғындармен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, аудандық желілік кестесі қабылданып, медиалық жоспары бекітілген болатын. Осы тиянақты жұмыс жоспарының нәтижесінде партия жеңіске жетті.

0
0
119

Еще по теме

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ - Yvision.kz