«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ С.ШАПАҒАТОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ.
Негізгі мақсат – жергілікті халықтың өтініші мен ұсыныстарын тыңдап, мәселелерін тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, оның шешілуіне ықпал ету.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламаларын жете түсіндіріп, мақсаттары мен міндеттерін айқындап берді. О.Казахбаев алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Өз кезегінде тұрғындар да көкейдегі сауалдарын жолдап, ауыл мәселесін ортаға салды. Негізінен жастарға COWORKING орталығын ашу, мәдениет үйін салу сынды мәселелер келер жылдың жоспарына енгізілсе деген ұсыныс айтылды. Ауыл тұрғыны Раушан Сатыбалдиева автобус уақытын реттеп, жүру жиілігін жөндеу керектігін тілге тиек етті.
Оспан Казахбаев тұрғындардың мәселелерін мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатындығын жеткізді.
