"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІ РУХАНИ ОРТАЛЫҚТА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Рухани орталықтың мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттығына "Nur Otan" партиясының атынан түсіп жатқан үміткерлер Дархан Закарин, Зара Жәрдемова және Жанболат Ғұмаров қызметкерлермен кездесу өткізді. Шараға кітапхана және мәдениет пен спорт қызметкерлері қатысты. Алғаш боп сөз алған Д.Закарин биылғы сайлаудың ерекшелігіне тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын істерді айтып өтті. Одан әрі сөз алған З.Жардемова рухани қазынамызға қатысты жасалуы тиіс істерді назарға алатындығын жеткізді. Ж.Ғұмаров болса спорт саласына қатысты орамды ойларын ортаға салды.
Үш үміткер кездесу соңында барлық қатысушыларды "Nur Otan" партиясынқолдауға және дауыс беруге шақырды.
