Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕЛУІ ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудандық "Nur Otan" партиясының ғимаратында аудандық мәслихатқа үміткерлер Оразгүл Көбесқызы және Серік Жәрдемалиевпен кездесу өтті. Оған мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Жиын барысында алғаш боп сөз алған "Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов:

- Өздеріңіз білесіздер, алда сайлау келе жатыр. Аудан бойынша 3 партия тіркеліп, өз жұмыстарын жүргізуде. Біздер - "Nur Otan" партиясының өкілдеріміз. 2025 жылға дейін ауданымызда жасалатын істердің барлығын Нұрсұлтан қаласына барып, қорғап келдік. 2021 жылы атқарылатын істердің қаржылары бөлінді. Келесі жылдан бастап аудан орталығында бірқатар көшелерге жаңадан жол салынады. Көпқабатты үйлердің құрылысы басталады. "Nur Otan" партиясының осы кезге дейін атқарған шаруалары көп. Ел игілігі жолында әлі де мол істер атқаратынына сенімдіміз. Сол себепті сіздермен кездесіп отырмыз,-деді.

Одан әрі қос үміткер кезектесіп сөйлеп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.

- Биылғы сайлау науқаны ерекше болғанын бәріңіз білесіздер. Праймериз арқылы аудан бойынша үміткерлікке түсіп, медицина бағытында өзімнің бағдарламамды жасадым. Дауыс берудің нәтижесінде ел сеніміне ие болдым. Әлемді жаулаған індет кезінде медицина саласының қызметкерлеріне ауртпалық түсті. Сонымен қатар әрбір отбасындағы аналарға жүк түскені белгілі. Дәрі-дәрмектердің тапшылығы кезінде "Nur Otan" партиясы "Біз біргеміз" акциясын ұйымдастырып, ол арқылы көптеген науқастарға көмек көрсетілді. Алдағы сайлауда бәріңізді "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын,-деді О.Көбесқызы. Серік Жәрдемалиев те өзінің сөйлеген сөзінде "Nur Otan" партиясының атқарған игі істерін айтып, білім саласындағы шешімін табуы тиіс мәселелерге тоқталды.

Шара соңында кездесуге жиналған жандар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания, победим вместе!

0
0
182

Еще по теме

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕЛУІ ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz