Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

"Nur Otan" партиясының облыстық мәслихатына үміткерлер Алихан Досмұхамбетов пен Алтынбек Ермекқалиев Бірлік ауылына және С.Меңдешев ауылдық округіне іссапармен барып, тұрғындармен жүздесті. Сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, алдағы уақытта іске асатын дүниелерге тоқталды. Бірлік ауылындағы кездесуде алғаш боп сөз алған А.Декартұлы: - Бәріңіз білесіздер, биылғы сайлаудың ерекшелігі ол - праймериз. Өз бағымды сынайын деп праймеризге мен де қатыстым. Дауыс берушілер сенім артып, алдыңғы қатардан көріндім. Ауданымызда, оған қарайтын ауылдық округтерде бірқатар шешімін таппаған істер бар. Алдағы уақытта облыстық мәслихат депутаттығына сайланатын болсам, ауыл халқының мұң-мұқтажын атқарушы билікке жеткізетін боламын. Осы кезге дейін "Nur Otan" партиясының істеген игі бастамалары өте көп. Солардың жалғасын табуы үшін бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын,-деді. Кездесуге қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Ал, Қырқопа ауылындағы кездесуде Алтынбек Ермекқалиев: - Баспасөз саласында 5 жылдан астам уақыт қызмет жасап келемін. Қазіргі таңда аудандық "Жаңарған өңір" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторымын. Газет көтерген мәселе ескерусіз қалған емес. Осыған дейін ауылдық округтердегі бірқатар мәселелер аудандық газетте мәселе боп көтеріліп, шешімін тапты. Жастық жігерімді салып, келер жылы да елдің жан айқайын, түйткілді жайларды баспасөз бетінде көтеріп, оның орындалуына ықпал жасағым келеді. Сол себепті "Nur Otan" партиясына дауыс беріңіздер. Біз сенімдеріңізді ақтауға әзірміз,-деді. Жиналған ауыл тұрғындары өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Кездесу соңында "Nur Otan" партиясының бағдарламасы жазылған үнпарақтар таратылды.

0
0
124

Еще по теме

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz