«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ КИЕЛІТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ
«Nur Otan» партиясы атынан Төлеби аудандық мәслихатына үміткерлер Қ.Умирбеков, Д.Омаров, Ғ.Нұрмаханова Төлеби ауданы, Киелітас ауылдық округі Сұлтан Рабат елді мекенінде «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесті. Ондағы мақсат – ауыл халқына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды түсіндіру болатын. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын күшейту мен экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын ерекше атап өтті.
Кездесу барысында үміткерлер денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы саласының өркендеуі, ауыз су, газдандыру, жол салу бағытындағы алдағы 5 жылда атқарылар сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын да тілге тиек етті, және мемлекеттің әлеуметтік саясатын күшейту мен экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын ерекше атап өтті.

Кандидаттар барша ауыл тұрғындарын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды және кездесу барысында тұрғындар елдімекеннің дамуы, спорт алаңшаларын салу, үйірмелер ашу, ауыл шаруашылығын субсидиялау, ауыл ішілік жолдардың сапасын жақсарту сынды өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Өз кезегінде кандидаттар алдағы саяси науқанда «Nur Otan» партиясына барынша қолдау білдіріп, жерлестерін бірауыздан дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.
