Сайлауалды іс-шаралар аясында кеше Қарағандыға келген «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев мырзамен кездесу өтті. Кездесуде бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Әсіресе, мәдениет саласының өкілдері тарапынан партияға бірнеше ұсыныс айтылды. Арман Оразбайұлы бұл мәселелерді алдағы уақытта партия жанындағы «Мирас» отырысының күн тәртібіне ұсынатынын айтты.
Сондай-ақ бүгін «Есіктен – есікке» акциясының аясында кандидаттар Қарағанды қаласындағы бірнеше үйге барып, тұрғындармен кездесті. Жерлестерге партияның бағдарламасы туралы мағлұмат берді. Сайлаудың жай-жапсары туралы айтылды. Тұрғындардың талап-тілектеріне назар аударылды. Мұндай шаралар алдағы күндері одан әрі жалғасады.
«Nur Otan» партиясының Қарағанды облысы бойынша Cайлау қорының қаражатынан төленген.
Сайлау - 2021