«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ АРМАН ҚЫРЫҚБАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
Үгіт-насихат науқаны аясында жасалған және жасалып жатқан іс-шараларға шолу жасады. Содан кейін штаб мүшелерімен, бақылаушылармен кездесті.
Партияның қоғамдық-саяси бағытын, қоғамдық саясат институтын, «Jas Otan» жастар қанатын, сарапшылар қауымдастығы және басқалармен тығыз қарым-қатынастағы жұмыстарға басшылық ететін А.Қырықбаев сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілуі, сайлаушылармен кері байланыс орнату, акциялардың тұрақты түрде өткізілуі, жалпы сайлауға қатысты мәселелер бойынша толық айтып өтті. Партияның мүдделі жұмысымен халық барынша танысу керектігін жеткізді. Штаб жұмысына сәттілік тіледі.
