«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНАН АУДАНДЫҚМӘСЛИХАТҚА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
2020 жылдың 13 қаңтар күні "Nur Otan" партиясы Күршім аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.
Күршім ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындыларын белгілеу, сайлау қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарын бөлу туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасына сәйкес «Nur Otan» партиясынан 9, «Ауыл» партиясынан 1, «Ақ Жол» партиясынан 1 депутаттық мандаттар бөлінді.
«Nur Otan» партиясы Күршім аудандық Саяси кеңесі Бюросының 13 қаңтардағы шешімімен 9 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, Күршім аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін аймақтық сайлау комиссиясына жолданды.
Кандидаттар тізімі:
1. Абилмажинов Асан Казезбекулы
2. Айкенев Тимур Калимжанович
3. Ақылбекұлы Рауан
4. Кемешева Лаура Оралбековна
5. Қалелов Мамырбек Жәлімханұлы
6. Мухаева Айгуль Муратхановна
7. Потанина Надежда Александровна
8. Тердыкбаев Қайрат Сапиолдаұлы
9. Төлебаев Жандос Токтарбаевич
