"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫМЕН БІРГЕМІН!
Елімізде қолдаушылар жағынан саны көп, саяси партия ретінде «"Nur Otan» партиясы дамудың стратегиялық бағытын анықтаумен қатар, әрдайым халықтың пікіріне сүйене отырып, оның мүддесі мен қажеттілігін білдіріп отырады. Сондықтан да «NUR OTAN» партиясы мемлекеттік билік пен қоғамды, Президент пен оның халқының екі жақты байланысы мен өзара іс-қимылының тиімді өзегіне айналды десекте болады. 2008-2009 жылдары «Nur Otan» партиясы аудандық филалы төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқаруым,қазіргі таңда партия мүшесі ретінде «NurOtan » партиясы аудандық филиалының «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу» бағытындағы қоғамдық кеңес отырысының төрағасы ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласуым,Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыруға атсалысып,партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін орындауға қатысқаны және азаматтық белсенділік танытқаны үшін «Nur Otan » партиясы атынан шынайы ризашылығы мен алғысын білдірген партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің ұсынған алғыс хаты партия белсенділерімен бірлесе жасаған жұмыстың жемісі деп ойлаймын.
