Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

Эфир барысында жастар тақырыбын дағы партияның басымдылықтарын түсіндірген Азамат Базар қалада жастардың табысты қалыптасуы мен шоғырлануы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын айтты.

- Ақтөбеде колледждер мен жоғары оқу орындарының желісі

жеткілікті. «Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға партияның міндеті мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастардың жұмыспен қамтылуына әрекет етеді. Олардың шығармашылық және іскерлік өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау болып табылады. Жастармен жұмыс барысында әлеуметтік лифттер құрамыз. «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге, жұмысқа орналасу және білім беруге баса назар аударылатын болады,-деді ол.

Ал Гүлмира Тәңірбергенова болса, «Nur Otan» партиясының жастар үшін жасайтын жаңашылдықтарымен бөлісті.

- Жыл сайын шамамен 2,5 мың жастарды жұмысқа

орналаcады. «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру

жолымен 1,5 мың жастарды жазғы кезеңге жұмысқа тұруға мүмкіндік бар. 15 мың адамды қамти отырып, жұмыс істеп тұрған жастар ресурстық орталығы базасында кемінде 120 іс-шара өткізіледі.

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын жастарды қамтуды 32%-дан 36%-ға дейін ұлғайту жоспарда бар. Партия қалада волонтерлік клубтарды құру жолымен волонтерлік қозғалысты дамытуды ынталандыруға жәрдемдеседі. Бұл 2025 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 3-тен 2,7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді,-деді Гүлмира Тәңірбергенова.

Гүлмайрам Габдушова «Nur Otan» партиясының 7 басымдылығының барлығына жеке-жеке атап өтті. Жастарды және қала тұрғындарын алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шықырды.

0
0
191

Еще по теме

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ - Yvision.kz