"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасы М.Ибағаровтың төрағалығымен кезектен тыс XXXVII конференция өтті. Аталған конференцияның күн тәртібінде партияның бағдарламасын бекіту, пікірсайыс қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту, Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясына делегаттарды сайлау және «Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелері қаралды.

Конференция барысында облыстық мәслихаттары үшін «Nur Otan» партиясының партиялық тізіміне қосылуға үміткер болып отырған праймериз бойынша кандидаттар арасында пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа қатысатын кандидаттар тізімі Primaries.kz порталында жарияланды. Үміткерлер пікірталас барысында өз бағдарламаларын баяндай отырып, ұсынылған мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл орайда, халық аузында жүрген көптеген мәселелер талқыға түскені әр қатысушының халық үніне құлақ асып жүргенін білдірді.

Келесі кезекте, акт залда арақашықтықты сақтай отырып 7 компьютер орнатылып, кезек кезегімен дауыс беру мүмкіндігі ұсынылды.

Конференция барысы партияның қалалық филиалының әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында тікелей эфирінде көрсетілді. Қазіргі таңдағы эпидемиялогиялық жағдайға байланысты сақтық шаралары толық сақталып өткізілді.
