"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ШТАБЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық партия филиалының штабы ресми ашылуы болып өтті. Аталған шараға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, штаб төрағасы Мәжит Балқожаев, аудандық сайлауалды штабының мүшелері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Салтанатты ашылу рәсімінде «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев ашып жүргізді. 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңінің басталғандығын, аудандық филиал бұл шараға толықтай дайын екендігін жеткізді. Аудандық сайлау комиссиясында 30 кандидаттан тұратын партиялық тізім тіркелген. Оның 25-і –праймериз жеңімпазы, 5-і партия филиалының квотасын алғандар. Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз - "Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!" - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану.
Сонымен бірге, штабтар жанынан үгіт жұмыстарын жүргізу үшін құрылған қоғамдық сайлауалды штабтың және ондағы 13 адамның жұмысына қажетті жағдайлар жасалғандығын атап өтті. Штаб төрағасы М.Балқожаев сәттілік тіледі.
#NurOtanДауысБер
#NurOtanZhanakorgan
