Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТЕМІР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXVII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Аталған конференцияға Темір ауданының әкімі, "Nur Otan" партиясы Темір аудандық филиалының төрағасы Ж. Батырхан және "Nur Otan" партиясының Темір аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Нұрғалиевпен қатар Саяси кеңесінің мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты. Конференция барысында күн тәртібі бойынша 4 мәселе ұсынылып, ұсынылған мәселелер кезек-кезегімен толық қаралды. Ауданда өткен кезектен тыс конференциясының қорытындысы бойынша, «Nur Otan» партиясының Ақтөбе облысы Темір ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Өткізілген пікірсайыстар қорытындысы бойынша кандидаттар үшін арнайы кабиналарда дауыс беру өткізілді. Конференция соңында «Nur Otan» партиясынан Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімі және «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясына делегаттар тізімі бекітілді.

Пандемияға байланысты партияның аудандық филиалының конференциясы барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды және өткізілді.

0
0
199

Еще по теме

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТЕМІР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXVII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ - Yvision.kz