Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.

"Nur Otan" партиясы Түпқараған аудандық филиалы конференция залында штаб мүшелерінің отырысы өтті. Отырыс барысында алдағы сайлауға үгіт-насихат дайындығы пысықталды. Филиал төрағасының бірінші орынбасары С.Жолдасова штаб мүшелерін алдағы жауапты кезеңге дайын болып, ел мүддесі үшін қызмет етуге шақырды.

"Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев "Кандидаттар, белсенділер, сенім білдірілген тұлғалар барлық өңірге барып, әр сайлаушыға түсінікті тілде партия ұсыныстарын айтып беруі тиіс" деп партияның ХХ съезінде айтқан еді, осы жолда біздің жауапкершілігіміз де арта түспек, ендігі кезекте халықты құлақтандыру жұмысын одан әрі жетілдіріп, халықтың әр кандидатқа деген өз ұсыныс-пікірлерін жолдай алатындай болуы керек. Және де "Партияға мүшелік – бұл басымдық емес, қоғам алдындағы міндет, Отанның игілігі үшін күнделікті жұмыс" деген еді, құрметті штаб мүшелері, осындай жауапкершілігі мол кезеңде етене жұмыс істеп, артқан сенімді бірге ақтайық" — деді "Nur Otan" партиясы Түпқараған аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Светлана Түгелқызы Жолдасова.

0
0
128

Еще по теме

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ. - Yvision.kz