Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХІІ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ. 12.11.2020

Аталған конференцияның күн тәртібінде партияның бағдарламасын бекіту, пікірсайыс қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, Түпқараған аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту және Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.

Конференция барысында парламенттік, облыстық және қалалық мәслихаттары үшін Nur Otan партиясының партиялық тізіміне қосылуға үміткер болып отырған праймериз бойынша кандидаттар арасында пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа қатысатын кандидаттар тізімі Primaries.kz порталында жарияланды. Үміткерлер пікірталас барысында өз бағдарламаларын баяндай отырып, ұсынылған мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл орайда, қазіргі қоғамда орын алып жатқан көптеген мәселелер талқыға салынды. Келесі кезекте, арнайы бөлмеде арақашықтықты сақтай компьютерлер орнатылып, кезек кезегімен дауыс беру мүмкіндігі ұсынылды.

Конференция барысы партияның аудандық филиалының әлеуметтік желідегі аккаунтында тікелей эфирде көрсетілді. Қазіргі таңдағы эпидемиялогиялық жағдайға байланысты сақтық шаралары толықтай сақталып ұйымдастырылды.

#Түпқарағанауданы

#NurOtan

2
1
277

Еще по теме

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХІІ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ. 12.11.2020 - Yvision.kz