"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖАҢАӨЗЕНГЕ САПАРЫ
Парламенттік сайлау қарсаңында саяси партиялар үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Биылғы науқанның бір ерекшелігі – «Nur Otan» партиясының өкілдері жер-жерді аралап, ресми отырыс өткізгеннен гөрі қарапайым азаматтармен, кәсіпкерлермен, еңбек ұжымдарымен көптеп кездесуі.
Осыған орай «Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Е.Б. Сайров, Е.А.Раушанов, облыстық штаб мүшелері Б.Қ.Жусипов, Б.Б.Жусипов, Е.Инербай және облыстық мәслихатқа кандидат Ж.Мұханбетқалиқызымен Ж. Саймағанбетов Жаңаөзен қаласына келді.
Сайлауалды штабының мүшелері «Мұнайшы» мәдениет үйінде мәдениет саласындағы қызметкерлерімен, жас мұғалімдермен, «Tenge Oil Gas» корпорацияның мұнайшыларымен, жастарға кәсіптік білім беру бағдарламасы аясында Жаңаөзен политехникалық колледжі мұғалімдерімен, Қызылсай ауылының балалар және жас өспірімдер мектебінің спортшыларымен сонымен қатар «ӨМГ» АҚ-ның қарасты N1 Мұнай газ өндіру басқармасының мұнайшыларымен кездесті.
Кездесу барысында еліміздің саяси-экономикалық дамуының кешенді аспектілері, бала мен ананы қорғау, білім сапасын көтеру, мәдениет саласын дамыту, мұнай саласының өкілдері отандық өндірушілерді қолдау, қаламыздың спорт өкілдері еліміздегі салауатты өмір салтын дамытудың мәселелері көтерілді.
Елімізде 2021 жылы 10 қаңтар күні өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы алдында Жаңаөзен қаласындағы партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді.
Тұрғындар өздерінің көкейінде жүрген ұсыныстарын айтып, өз ризашылықтарын білдіріп, партияны қолдайтындарын жеткізді.
