Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ШТАБЫ АЙТУЛЫ НАУҚАНҒА ТОЛЫҚТАЙ ДАЙЫН

Сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі де бүгін басталды. «Nur Otan» партиясы, Ойыл аудандық филиалы толық дайын. Барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешіліп, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары сайлау науқанының өтуіне белсенділік танытып отыр. Ойыл аймақтық сайлау комиссиясында біздің 22 кандидаттан тұратын партиялық тізімі тіркелген. Оның ішінде 19 – адам праймериз жеңімпазы болса, 3 - адам партия филиалының квотасы бойынша. Партия басшылығының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының сайлауалды Штабы құрылды. Штаб құрамына 9 адам кірді. Бұл аудан тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар – мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттығына 1 кандидат бар. Штабтың 6 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие. Штабтың тұсаукесерінде алдымен «Біз Республикалық сайлауалды штабпен келісім бойынша желілік кестені қабылдадық және бекіттік. Партия РФП басшылығының қатысуымен 197 іс – шара, көшпелі іс – 56 шара өткізуді, 16 000 астам адамды қамту жоспарлануда, оның ішінде 6312 тікелей және 9918 онлайн форматтағы кездесулер. Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық қауіпсіздік ережелері сақталатын болады. Бекітілген кестеге сәйкес барлық ауылдық округтер мен елді мекендер қамтылған. Сонымен қатар, штаб жанынан біздің өңірдің жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды. Оған біздің «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған белсенділері, сондай-ақ біздің жастарымыздың сеніміне ие болған партияның жас жақтастары кірді.», - деп баяндаған Nur Otan» партиясы, Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин «Үгіт – насихат жұмыстары партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы – «Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!»2 дн.

📷(«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!»)негізінде жасалғандығын, жеке сайлауалды бағдарламада нақты міндеттерді қамтып, ойылдықтардың негізгі сұраныстары мен қоғамның өзекті мәселелеріне жауаптар беретінінде айрықша атап өтті. «Nur Otan» партиясының сайлау науқанындағы басты ұраны – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бойынша жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану арқылы еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. «Nur Otan» партиясы, Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин «Nur Otan» партиясы, Ойыл аудандық филиалы штабының тұсаукесері сәтінде «Сайлаудағы жеңіс әрқайсымыздың біліктілігімізге, жауапкершілігімізге, өз ісімізге толық берілгендігімізге тікелей байланысты. Партия Төрағасы – Елбасы барлық кандидаттар сайлау науқанына белсенді атсалысуы керектігін нақты белгілеп берді. Өз кезегінде, Партия Төрағасының Бірінші орынбасары атап өткендей, барлық үгіт-насихат жұмыстары «жанды» және сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жасалуы тиіс. Партия кандидаттары 20/80формуласын ұстанулары керек – «партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге 20% және сұрақтарға жауап беруге 80%». Бұл ретте біз барлығымыз заңнама талаптарын нақты ұстануға және осы кезеңде қандай да бір шағымдарға немесе заң бұзушылықтарға жол бермеуге тиіспіз. Партияның имиджіне нұқсан келтіретін кез-келген қауіп-қатерді болдырмау керек! Біздің барлығымыз Партиямыздың осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы екенін көрсетуге тиіспіз», - деп сөзін түйіндеді.nurotan_uil

0
0
102

Еще по теме

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ШТАБЫ АЙТУЛЫ НАУҚАНҒА ТОЛЫҚТАЙ ДАЙЫН - Yvision.kz