«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ МӘРТӨК АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Аталмыш науқанға «Nur Otan» партиясы, Мәртөк аудандық филиалы толық дайын. Барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешіліп, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары сайлау науқанының өтуіне белсенділік танытып отыр. Мәртөк аудандық сайлау комиссиясында біздің 22 кандидаттан тұратын партиялық тізім тіркелді. Оның ішінде 19 – адам праймериз жеңімпазы болса, 3 - адам партия филиалының квотасы бойынша. Партия басшылығының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы Мәртөк аудандық филиалының сайлауалды Штабы құрылды. Штаб құрамына 13 адам кірді. Бұл аудан тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар . Штабтың 4 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие – деді Мәртөк аудандық сайлауалды штабының басшысы Б.М.Акзамов
