«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XХVII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XХVII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
"Nur Otan" партиясы Мұнайлы аудандық филиалының төрағасы, Саяси кеңес мүшесі Елтизаров Рахат Тезекбайұлы төрағалығымен конференцияcы болып өтті. Үміткерлер пікірталас барысында өз бағдарламаларын баяндай отырып, өздеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл орайда, халық аузында жүрген көптеген мәселелер талқыға түскені әр қатысушының халық үніне құлақ асып жүргенін білдірді.
Конференция соңында Мұнайлы ауданы әкімі, "Nur Otan" партиясы Мұнайлы аудандық филиалының төрағасы Рахат Тезекбайұлы сөз сөйлеп алдағы пікірсайысқа қатысушы үміткелерге сәттіліктер тіледі.
