"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ойыл ауданы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында білім саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында үміткерлер сайлауалды бағдарламада көрсетілген білім беру сапасын арттыруға арналған жоспарларға кеңінен тоқталды. Оның ішінде қашықтықтан оқыту нысаны сақаталған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын компютерлік техникамен қамтамасыз етуді алда атқарылатын міндеттер қатарына қосып отыр. Сонымен қатар өзекті мәселелердің бірі "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген кредиттер бере отырып, жас мамандарды тарту арқылы пәндер бойынша мұғалімдер тапшылығын төмендету мәселелері сайлауалды бағдарламаға енгізілген.
