Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯДАН БАТА АЛУ ҮРДІСІНЕН ТАЙҒАН ЕМЕС

Үгіт-насихат жұмыстары аясында Жаңаөзен қаласында біршама іс-шара жүзеге асырылуда. Осыған орай солардың бірі «Есіктен-есікке» акциясы.

«Nur Otan» партиясы атынан депутаттық мандатқа үміткер азаматтар Людмила Мендыгалиева, Sarsen Krymkulov, Бердыгали Берекетов, Зина Нугаева, Гульжан Жумановна, Gulzhan Zhugembaeva, Булекбаева Гульназ Тоқберген ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, сәлемдерін берді. Партияның алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды.

«Nur Otan» партиясының ұстанған бағытымен жақсы таныс ауылдың ақсақалы Аманов Тоқберген әңгіме барысында Елбасы төрағалындағы партияның атқарып жүрген жұмыстарына көңілі толатынын жеткізді. "Елбасы Н. Назарбаев елімізді күллі әлемге танытып, халықтың жағдайын көтерді. Қазір сол жолды ұстанған партия ел ішінде үлкен беделге ие екені баршамызға мәлім. Сондықтан біз бірлігімізді көрсетіп, «Nur Otan» партиясын бір ауыздан қолдауымыз керек. Мен мұны замандастарым мен кейінгі жастарға үнемі үлгі етіп айтып отырамын", - деді.

Партияның мүдделі жұмыстарымен таныстырып, жақсылыққа шақырып жүрген ел азаматтарына батасын беріп, сәттілік тіледі.

Кандидаттар кез келген істің оңынан болуы үшін қазыналы қарияларымыздың ақ батасын алу маңызды екенін айтып, бұл үрдістен таймайтындықтарын жеткізді.

Кандидаттар барлық тұрғындарды сайлауға белсенді қатысуға және «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

"Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!"📷

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!📷

#NurOtan

#Bizbirgemiz

#Zhenimpazbol

#Қиындықтыеңсеріпжеңіскебіргежетеміз

0
0
122

Еще по теме

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯДАН БАТА АЛУ ҮРДІСІНЕН ТАЙҒАН ЕМЕС - Yvision.kz