Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯДАН БАТА АЛУ ҮРДІСІНЕН ТАЙҒАН ЕМЕС

«Nur Otan» партиясы атынан депутаттық мандатқа үміткер азаматтар Ермек Нұрмағанбет пен Мұратбек Досжанов Ақтау қаласының Құрметті азаматы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, партия ардагері, қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Есберген Іңірбайұлының шаңырағына арнайы барып, сәлемдерін берді. Партияның алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды.

Қоғамдық кеңес төрағасы әрі ел саясаты мен «Nur Otan» партиясының ұстанған бағытымен жақсы таныс Есберген Іңірбайұлы әңгіме барысында Елбасы төрағалындағы партияның атқарып жүрген жұмыстарына көңілі толатынын жеткізді. "Елбасы Н. Назарбаев елімізді күллі әлемге танытып, халықтың жағдайын көтерді. Қазір сол жолды ұстанған партия ел ішінде үлкен беделге ие екені баршамызға мәлім. Сондықтан біз бірлігімізді көрсетіп, «Nur Otan» партиясын бір ауыздан қолдауымыз керек. Мен мұны замандастарым мен кейінгі жастарға үнемі үлгі етіп айтып отырамын", - деді. Партияның мүдделі жұмыстарымен таныстырып, жақсылыққа шақырып жүрген ел азаматтарына батасын беріп, сәттілік тіледі.

Кандидаттар кез келген істің оңынан болуы үшін қазыналы қарияларымыздың ақ батасын алу маңызды екенін айтып, бұл үрдістен таймайтындықтарын жеткізді.

Қалалық мәслихат депутатына кандидат Абылай Фазылбектің сенімді өкілі Асет Арзен 6 шағынауданға жол бастап, «Есіктен-есікке» акциясын жүргізді. Сайлауалды бағдарламаны таныстырып, үнпарақтар таратты, тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырды. Дәл осы акцияны қалалық мәслихат депутатына үміткер Жайна Ізтұрғанова, сондай-ақ Гүлден Иманғалиева да өткізді. «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі өмір сапасы мен халықтың әл-ауқатының үздіксіз жақсаруына жағдай жасауға бағытталған бағдарламасымен таныстырды. Тұрғындарды толғандырған мәселелермен танысты.

Кандидаттар барлық тұрғындарды сайлауға белсенді қатысуға және «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

0
0
178

Еще по теме

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯДАН БАТА АЛУ ҮРДІСІНЕН ТАЙҒАН ЕМЕС - Yvision.kz