«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛҒАНДАРҒА ПАРТИЯЛЫҚ БИЛЕТ ТАБЫСТАЛДЫ
Салтанатты шарада сөз алған «NUR OTAN» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов елбасының ерен еңбегіне тоқталды. Партиялық билетті мереке қарсаңында алу-үлкен мәртебе. Бұл құрмет осында сапта тұрған білікті мамандарға бұйырды. Олар Шымкентте әр салада қызмет ететін азаматтар. Партиялық билетті алған азаматтардың қатарында шағын кәсіпкерлер, педогогтар, жастар арасындағы көшбасшылар, медиа мамандар бар.
Сондай-ақ, мереке қарсаңында «NUR OTAN» партиясының дамуына сүбелі үлес қосқан біршама азаматтар марапатталды.
Айта кетейік, бүгін жылдағы дәстүр бойынша Тұңғыш Президент күніне орай еліміздің барлық өңірінде мыңнан астам қазақстандық партия қатарына қабылданды.
