Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ АГРАРЛЫҚ АУДАНДА ЖЫЛЫЖАЙ КӘСІБІН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЖАСАЙДЫ.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Nur Otan» партиясының Келес аудандық сайлауалды штабында ауыл округтерінің ауыл шаруашылық мамандары ​ кәсіпкерлерді қолдау орталығының басшысы А.Муталиеваның қатысуымен жылыжай салуды қолдау мақсатында жиын өтті Жиынды Келес аудандық филиалының сайлауалды штабының төрағасы Жұмабеков Ахмет Әбдраманұлы жүргізіп, дөңгелек үстелдің мақсатын айтып, ​ Келес ауданында қазіргі таңда 76 гектарға жуық жылыжай бар, жылыжай салуды көбейту мен мемлекет тарапынан жеңілдіктерді алуға ​ ықпал жасау үшін ​ қолдауды талқылады.

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының басшысы Айнұр Муталиева кәсіпкерлік саласы мен аудандағы шаруа қожалықтарының ​ проблемелары мен қазіргі таңда жылыжай салуды ​ қолдау бойынша өз ойын айтып өтті,​ өз ойларын ортаға салды.

Қазіргі таңда егіске қаржылық ұйымдар тарапынан берілетін несиелерді мерзімінде берілмейтіні, құжаттарын қарау мен шешім қабылдаудағы қаржылық ұйымдар тарапынан кедергілер жайлы айтып өтті..

А.Жұмабеков жиынды қорытындылап ауыл округ ауыл шаруашылық мамандары тізімі мен бағытын нақтылап және құжаттарын жинақтап қаржылық ұйымдарға ұсынуды және көктемгі егіс науқанына дейін несие алуын жолға қоюды тапсырып, бұл мәселе «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының қатаң бақылауында болатынын жеткізді.

0
0
103

Еще по теме

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ АГРАРЛЫҚ АУДАНДА ЖЫЛЫЖАЙ КӘСІБІН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЖАСАЙДЫ. - Yvision.kz