Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

НУР ОТАН партиясы

Бүгінгі қоғамдық қабылдауға 6 адам келді. Оның екеуі Рахат-2 шағын ауданының тұрғындары жұмыспен қамту мәселесі бойынша, Шұғыла шағын ауданының екі тұрғыны тұрғын үй мәселесі мен жатақхана тазалығы жөнінде өз талап-тілектері мен өтініштерін жеткізді.

Сондай-ақ Мерей шағын ауданынының тұрғыны қалаға қоғамдық көлікпен қатынауға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді. Қабылдауға келген 6 азаматтың сұраныстарына орай жауап беріліп, шешімдері қарастырылды.

Тікелей эфирде сұрақтар берілді. Онлайн оқу барысындағы мәселелер мен 11 сынып оқушыларына мектеп тарапынан берілетін кеңестер, Рауан және Рахат шағын ауданындағы жол мәселесі мен ауыз су жөнінде эфирге қатысушылар өз сұрақтарын қойды. Тікелей эфирге қатысқан барша көрермендерге "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырдым!

#Zhenimpazbol

#NurOtan

#Bizbirgemiz

2
0
149

Еще по теме

НУР ОТАН партиясы - Yvision.kz