«Nur Otan» партиясы
«Nur Otan» партиясы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әбішев Нұралы, Қырықбаев Тимур, Қаржауов Талғат және Исахов Берікжан Ынтымақ ауылдық округіне қарасты Нұр ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында үміткерлер партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен тұрғындарды таныстырды. Жиын барысында ауыл ақсақалдары үміткерлерге біршама сұрақтар қойып, алдағы сайлауда партиямызға дауыс беретінін айтты.
