«Nur Otan» партиясы
Канвассинг — сайлаушылар үйіне үгіт-насихат жұмыстарын түсіндіру бойынша, бүгін «Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлерден өзім, Досжанова Жанар және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Шалқаров Мұхтар, Nur Otan облыстық филиалының штабының мүшесі Жанарай Алиева бәріміз, Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылының тұрғындары Аймағанбетов Үсенбай және Мақатов Еламан ақсақалдардың шаңырағына барып, партияның алдағы жылдары атқаратын қызметін айтып, алдағы келе жатқан сайлауда «Nur Otan» партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге шақырдық.
Үсенбай, Еламан ақсақалдардың Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын қолдайтынын барлық игі істерді жылы қабылдап, отбасыларының атынан алғысын айтты. Өтініштері де ондай көп емес , осы Атамекен ауылының жаңбыр жауғанда судың жерге сіңбей , үйлердің суға кету қауіпінің бар екенін жеткізді. Алдағы уақытта осы мәселеге Мұнайлы Ауданының Әкімдігі,Рахат Тезекбайұлы Елтизаров тиісті шаралар алатынына сенемін.
