«Nur Otan» партиясы
Әлеуметтік желіде «МКЛ Логистика» ЖШС-нің қызметкерлері тарапынан жалақылары уақытында төленбеуі бойынша шағым жарияланған болатын. Осы мәселеге байланысты бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы тапсырыс беруші «Эмир Ойл» ЖШС-гі және қызмет көрсетуші «МКЛ Логистика» ЖШС-нің арасындағы келісім шарттың орындалмауына байланысты үш айдан бері еңбекақыларын ала алмай жүрген қызметкерлердің мәселесін қарады. Аталған отырысқа «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов, партияның Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Досжанов, ҚР Мәжілісіне кандидаттығына үміткер Е.Жанбыршин, «Эмир Ойл» ЖШС-нің мен «МКЛ Логистика» ЖШС-нің өкілдері және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты.
Отырыс барысында тапсырыс беруші «Эмир Ойл» ЖШС-гі мұнай тасымалдау бойынша келісім шарт негізінде қызмет көрсетуші «МКЛ Логистика» ЖШС-не қарыз екені анықталды. Осыған орай «МКЛ Логистика» ЖШС-гі өзінің 50 қызметкеріне 3 айдан бері еңбекақыларын төлемеген. Бақылау комиссиясы екі тараптың мәселелерін жан жақты қарап, комиссияның ықпалымен «Эмир Ойл» ЖШС тарапынан «МКЛ Логистика» ЖШС-не аталған қарызды өтеу бойынша өзара келісімге келіп, қарызды жабу бойынша арнайы кесте жасақталды. Кесте бойынша бүгін 20 млн тенге аударылды. Аударылған қаражат негізінде 50 қызметкердің 2 айлық жалақылары төленіп басталды. Ал қалған 26 млн тенге кесте бойынша «Эмир Ойл» ЖШС тарапынан жыл соңына дейін өтеу тапсырылды.
Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан алдағы уақытта осындай мәселердің орын алмауын және аталған мәселе толықтай шешімін тапқанша бақылауда болатыны ескертілді.
