Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы 71,09% дауыс жинады

Құрметті достар! Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудың қорытынды нәтижесін жариялады. «Nur Otan» партиясы 71,09% дауыс жинады. Барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында да біз айқын жеңіске жеттік.

⠀

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Nur Otan» партиясының басты мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз».

⠀

Біздің «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламамыз – еліміз бен өңірлерді алдағы 5 жылда дамытудың дайын жоспары. Ол Елбасының 5 институционалдық реформасының бағдарын жалғастырады және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді қамтиды.

⠀

«Nur Otan»-ның бағдарламасы – егжей-тегжейлі есептелген, қаржылық және нақты ресурстармен қамтылған шаралар. Алғаш рет жоспарлау тәсілі де өзгерді. Мұнда салалық емес, страттық қағидат негізге алынды. Бұл ретте нақты әлеуметтік топтардың мүддесі басты назарда болады.

⠀

Елбасы айтқандай, енді партиямыз сайлауалды уәделердің және Мемлекет басшысының пандемия салдары мен экономикалық дағдарысты еңсеру бойынша қойған міндеттерінің барлық деңгейде іске асырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Алдымызда атқаратын ауқымды жұмыс бар.

⠀

Достар! 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беру арқылы жасампаздық пен Қазақстанның өркендеу жолын таңдаған барша азаматқа тағы да алғыс айтамын.

Осы сілтеме арқылы видео материалды көре аласыз

https://fb.watch/2_tiq-fQG6/

⠀

#baibebk

0
0
162

Еще по теме