«NUR OTAN»: ПАРТИЯ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ЕРЕКШЕ НАЗАРДА ҰСТАЙТЫН БОЛАДЫ
Онда, мекеме ұжымына бастауыш партияның алдағы 5 жылдық сайлау алды бағдарламасы таныстырылды. Кездесуде әсіресе Білім беру саласындағы мәселелер кеңінен талқыланды. Айта кетейік, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың біліктілігі маңызды рөл атқарады.
Партия осы бағытта кешенді жоспарларды жүзеге асыруға күш салғалы отыр. Қаламызда 35% оқушы компьютерге мұқтаж, бұл 77 698 оқушыны құрайды. Оның 35 798-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардың балалары болып табылады. Осыған орай, «Nur Otan» партиясы 3 негізгі бағытта жұмыс жүргізеді.
Мектеп тапшылығын жою мақсатында алдағы 5 жылда 42 мектептің құрылысы жүргізіледі. Білім сапасын жақсарту мақсатында жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесін 30%-ға дейін артуына ықпал етеді. Кәсіптік білім беру саласында еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау үшін, орта арнаулы оқу орындарында дуалды оқу жүйесі енгізіліп, шәкірттер озық үлгідегі әдістермен оқытылады.
«NurOtan» - нақты істер партиясы!
«Қиындықты еңсеріп жеңіске бірге жетеміз»
