«NUR OTAN»-НЫҢ БАРЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ ХАЛЫҚ ҮШІН ЖАСАЛУДА
Үміткерлер өздерін тұрғындарға таныстырып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының бағыттарына тоқталды. Ауылдық округтің инфрақұрылымын жақсарту жолында партияның нақты жоспары бекітілгенін, сол жоспар бойынша жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті. Сонымен қатар, партия өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етуді басты мақсаттардың бірі екеніне тоқталды. Елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, талқылап, нақты сұрақтарға тоқталып өтті. Тұрғындар партияның жұмысын жоғары бағалап, келе жатқан сайлауда сәттілік тіледі. Ел болып алдағы саяси науқанда белсенділік танытып, елді мекен халқын «Nur Otan»-ды қолдауға шақыратынына сенім білдірді.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
