«NUR OTAN» НАҚТЫ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ
Өз кезегінде тұрғындар «Nur Otan» партиясының өкілін жылы қабылдап, алдағы сайлауда бас партияны қолдайтындарын жеткізді. Жадыра Нағашыбайқызы тұрғындарға «NurOtan» партиясының сайлау алды бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ, бағдарламаның басым бөлігі қала тұрғындарынан праймериз кезеңінде келген 685 ұсыныстарының негізінде дайындалғанын жеткізді. «NUR OTAN» партиясы халықтық партия және әрдайым халықтық партия болып қала береді. Өйткені бас партия еліміздің әрбір азаматының тағдыры үшін жауап береді.
