Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN» НАҚТЫ ІСТЕРДІҢ ПАРТИЯСЫ

Бүгін ҚР Тәуелсіздігі күні мерейлі мерекесі қарсаңында «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Құрман, Ж.Мырзапейс, С.Кішібай, М.Тәңірбергеновалар Отырар ауыл округінде болып, «Отырар» бастауыш партия ұйымы өкілдерімен кездесті.

Кездесуде кандидаттар еліміздің бас партиясы «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алда атқарылар жұмыстар туралы баяндады.

Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, ауданды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күш-жігерін жұмсады. Басқосуда осылай деген үміткерлер партияластарын саяси науқан кезінде белсенділік танытып, жетекші партия «Nur Otan»-ды қолдауға шақырды.

Еще по теме