"NUR OTAN" НАҚТЫ ІСТЕРДІҢ ПАРТИЯСЫ
Жиынды аудандық сайлауалды штабының басшысы, "Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат ашып, жүргізді.Алғашқы сөз «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті, Саяси Кеңестің мүшесі, "Nur Otan" партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің мүшесі Дархан Қыдырәліге берілді. Ол сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді.— Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет құрамыз» дегені бәріңізге белгілі. Мен партияның Саяси бюросының мүшесі ретінде ел ішіндегі мәселелерді естимін. «Nur Otan» партиясы соның бәрін шешуге тырысып келеді. Өткен жылы Мақтааралда үлкен апатты жағдай болғанда партияның көмегімен қаншама үйлер салынды. Арыстағы апатты жағдай орын алғанда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өзі келді. Біз де осында болдық. Елге деген жанашырлығын, қамқорлығын байқадық. Елдің ауызбіршілігінің арқасында қала қалпына келтірілді. Қысқа уақыттың ішінде алақандай қаланың қалпына келуі мемлекеттің жетістігі. «Nur Otan» нақты істердің партиясы. Кезектен тыс ХХ Съезінде біраз бағдарлама қабылданды. Онда барлығы қамтылған. Пандемия кезінде бәріміз ауырып тұрдық, сол себептен де партия денсаулық саласына қатты көңіл бөлуде. «Егемен Қазақстан» сыни мақалаларды жазып тұрады, соның бәрін партия өз бақылауына алып отырады. Елдің мұң-мұқтажы бойынша нақты жұмыстарды атқарып келеді. Сондықтан бәріңізді нақты істердің партиясына дауыс беруге шақырамын, — деді Дархан Қуандықұлы.Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, аудан көлеміндегі әлеуметтік нысандардың салынуына өз үлесін қосып келе жатқан азамат, "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, «Бөрте Милка» ЖШС-нің директоры Нұралы Әбішов сөз алып, "Nur Otan" партиясының кәсіпкерлерге көрсетіп жатқан қамқорлығын тілге тиек етті.Шұбарсу, Бадам ауылының тұрғындары ортаға шығып, өз ойларын жеткізіп, халықтық партия «Nur Otan" партиясына дауыс беретіндерін жеткізді.— 10-қаңтар Қазақстан халқы үшін тарихи күн. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ордабасы — ел жүрегі, жер кіндігі» деп атап өткендей, Ордабасы әр уақытта бірлік пен ынтымақтың бастауы болған. Сондықтан баршаңызды алдағы сайлау науқанында бір кісідей атсалысып, «Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын, — деп басқосуды аяқтады Әлиасқар Байдуллаұлы."Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалы сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
