Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN» НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ

Боран ауылдық клубында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт насихат жүргізуге келген аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Р.Ақылбекұлы мен штаб мүшесі Б.Өлмесеков ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары түйткілді мәселелерді алға тартты. Алдымыздағы жылы Боран ауылына интернет желісін тарту, жастарды ауылға тарту мақсатында жұмыс орындарын ашу және Боран мен Қалжыр арасында көпірді жөндеу, Зайсан ауданынан табиғи газ тарту, ауыл ішіне халық банкінің банкоматын орнату, сапалы жол жөндеу жұмыстарына тоқталып, межеленген істердің уақытында жүзеге асатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары партия жұмысына сәттілік тілеп, «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын айтты.

«Nur Otan» -нақты шешімдер мен жарқын істер кепілі!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan»-ға дауыс бер!

0
0
103

Еще по теме

«NUR OTAN» НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ - Yvision.kz