«NUR OTAN»-мен БІРГЕМІЗ
Партия, ауданды дамытудағы тұрғындарды мазалайтын басты мәселелердің 7 басым бағыттарын негізге алды. Олар: Экономикалық тұрақты аудан; Ыңғайлы аудан; Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан; Жастарға арналған аудан; Тарих пен мәдениетті дамыту; Ашық және есеп беретін жергілікті органдар; Қауіпсіз аудан.
Бұл арқылы партия халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауды мақсат етіп отыр.
Партия лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр. Біз халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын дамыту, сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Сарыағаш ауданының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын боламыз.
2025 жылға дейін жеке инвестициялардың есебінен жаңа 10 өңдеу кәсіпорындарын ашуға жағдай жасайды, оның ішінде: тәулігіне 50 тонна макарон өндіретін цех ашу; қуаттылығы 4,0 мВт шағын су электростанциясының құрылысы; қуаттылығы сағатына 1000 бөтелке минералды су құю зауытын ашу.
Нәтижесінде мыңнан астам жұмыс орны ашылады, орташа жалақы 140 мың теңгеге артады, жұмыссыздық деңгейі 2,0%-ға дейін төмендейді. Партияның басым бағыттарын жеткізген үміткерлер алдағы сайлауда белсенділік танытып, «Nur Otan» партииясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
