«NUR OTAN»-МЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМИДЫ
- Ел үшін қашан да тыныштық керек. Кәсіпкерлер қашан да қолайлы жұмыс жасау үшін біздің еліміз барлық жағдайды жасап қойған. Ел соғыс болса дұрыс өмір болмайтын еді. Жарық, газ болмаған заман да болды. Кезінде адамдар ол күнді де көрді. Қазір барлығының жағдайы жақсы. Алда партия сайлауы келе жатыр. Осы орайда кәсіпкерлерді «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын. «Nur Otan» партиясының қалалық бағдарламасы жеті басымдылықтан тұрады. Оның ішінде барлық саланы қамтыған. Үй алу, кәсіп бастау, жұмысқа орналасыу. Тіпті қаланың экологиясына, экономикасына, қаланың дамуына аса мән беретін болады. Соның ішінде сіздің салаңызға қатысты ауыл шаруашылығын дамытуда басты назар ішкі азық-түлік нарығын сақтауға және үздіксіз жұмыс істеуге мән береді. Экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуге аударылатын болады. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру саласында кемінде 9 жобаны іске асырады. 2021 жылы 500 бас ІҚМ арналған сүт-тауар фермасының ашылуы болады. Бұдан басұа да көптеген шаруашылық саласына қатысты жағымды жаңалықтардың болатын рас, -деді ол.
Ал кәсіпкер Тазагүл Аманова қандай жағдай болса да «» партиясын қолдап, өзге де кәсіпкерлерді партияға дауыс беруге шақыратынын жеткізді.
- Мемлекет тарапынан сұраған дүниемізді алып жүрміз. Тыныш заманда өмір сүргенімізге шүкіршілік етеміз. Тұтынушыларым да жеткілікті. Қазір көбі жеке кәсіппен айналысады. Еңбек еткен адамның қашан да жолы болады. Өмір бойы медицина саласында жұмыс жасаған жанмын. Соңғы бір жарым жыл уақыт ішінде кәсібімді осындай деңгейге дейін көтердім. Әлі де дамытамын. «Nur Otan» партиясы халық үшін қашан да жақсы дүниелер жасағанын қалаймын,-дейді сүт кәсібінің айналдырып отырған Тазагүл Аманова.
